«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС рельефтің сандық модельдерін жасау және 3-D модельдеу бойынша жұмыстар кешенін орындайды. Осы жұмыстарды орындау үшін бастапқы деректер ретінде инженерлік-геодезиялық зерттеулердің нәтижелері, егжей-тегжейлі жоспарлар мен топографиялық карталар, ғарыштан түсірілген суреттер, ғарыштық жүйелердің деректері қолданылады.

Сандық модельдердің көмегімен горизонталдарды сызу, бойлық және ендік профильдерді алу, еңістік бұрыштарын және бөктерлердің экспозицияларын есептеу, көлемдер мен аудандарды есептеу сияқты қолданабалы мәселелер шешіледі.

3-D модельдеу нысандардың кеңістіктік формалары мен өлшемдерін барынша дәл көрсету үшін орындалады. Инженерлік құрылыстарды, көлік желілерін жобалау және бас жоспарларды дайындау үшін 3-D модельдерді пайдалану жұмыстардың мерзімін қысқартуға, сапаларын жақсартуға және ұсынылған шешімдердің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
 


Жердің үш өлшемді моделіне басылған WorldView-3 сурет (суретке жазба)
 

+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56