«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖО» ЖШС аумақтарды ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен суретке түсіру қызметтерін ұсынады. Суреттер «Geoscan-201 Геодезия» ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен түсіріледі. Осы аппаратты «Geoscan» компаниясы жасап шығарған (www.geoscan.aero).
Ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдану жұмыстардың өзіндік құнын едәуір азайтудың және мерзімін қысқартудың есебінен олардың экономикалық тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді. Ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып жүргізілетін зерттеулердің маңызды міндеті қандай да бір нысан немесе жергілікті жер туралы кеңістіктік деректерді экономикалық және технологиялық жағынан барынша тиімді тәсілмен алу. Ұшқышсыз ұшу аппараты тапсырылған бағыт бойынша ұшып өтіп жердің рельефі, ғимараттар мен құрылыстар, коммуникация желілері туралы дәл және шынайы деректер алуға мүмкіндік береді. Ол деректер инженерлік-геодезиялық зерттеулер жүргізу, түрлі нысандарды жобалау және салу, топографиялық жоспарлар жасау, елді мекендердің бас жоспарларын, аумақтық жерге жайластыру жобаларын дайындау кезінде негіз болады.
Ұшқышсыз ұшу аппараттары географиялық координаталармен байланыстырылған сапасы жоғары суреттер алуға мүмкіндік береді. Оларды масштабтары 1:25 000 - 1:10 000 сандық топографиялық карталарды, масштабтары 1:5 - 1:5000 сандық топографиялық жоспарларды жаңарту үшін пайдалануға болады.
Әуеден суретке түсіру жұмыстарының құрамы:
• әуеден суртеке түсіруге рұқсат алу;
• «Geoscan-201 Геодезия» ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен әуеден суретке түсіру;
• масштабы қажетті ортосурет жоспарларын жасау;
• жергілікті жердің сандық модельдерін жасау.