«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz
Басты бетҚызметтер Табиғатты қорғау саласындағы және экологиялық жобалауОрман шаруашылығы, көгеріштендіру және табиғатты пайдалану саласындағы жобалау

Орман шаруашылығы, көгеріштендіру және табиғатты пайдалану саласындағы жобалау

Біздің Компания қоршаған ортаны қорғау саласында қызметтер көрсетіп келе жатқан ұзақ кезеңде ормандарды толықтыру және оларға мониторинг жүргізу, орман өсіру, құмдарды бекіту салаларында мол тәжірибе жинақтады.

Орман шаруашылығы, көгеріштендіру және табиғатты пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары мамандары ГАЖ технологияларының негізінде картографиялық материалдар жасап, жобалау-зерттеу жұмыстарын, мониторингтік зерттеулер, жобалық-сметалық құжаттама дайындау, жобалар, жұмыс жобаларын, техникалық-экономикалық негіздеу, қоршаған ортаға әсерді бағалау жұмыстарын орындайды.
 

Толығырақ

Орман шаруашылығы, көгеріштендіру және табиғатты пайдалану саласындағы қызметтер:

  • орман және су шаруашылықтары – ормандарды толықтыру, өзен жайылмаларында және өртеңдерде орман өсіру және орманды қалпына келтіру, қорғаушы және су қорғау орман желектерін егу, ашық жерлерді ормандандыру, құмдарды бекіту, ормандарды және мемлекеттік орман қорының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін өртке қарсы жайластыру, орман ұрығын дайындайтын мамандандырылған шаруашылықтар мен тәлімбақтар құру, түрлі мақсаттарда плантациялық жасыл желектер егу жұмыстарын жобалау-зерттеу;
  • қалаларды, кенттерді, елді мекендерді және олардың нысандарын көгеріштендіру және абаттандыру, жасыл аймақтар, орман саябақтарын, саябақтар, саяжолдар, дендрологиялық парктер құру;
  • табиғатты және жер қойнауын пайдалануды реттеу, табиғатты қорғауды жобалау, табиғи және биологиялық ресурстарды пайдалануға мониторинг жүргізу

 

Компанияның материалдық-техникалық базасы мен мамандарының біліктілігі топырақтарды зертханада талдап және аумақты орман өсіру мен көгеріштендіруге жарамдылығы бойынша аймақтарға бөліп, кешенді топырақтық-орман мелиорациялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Компания мамандары жасыл желектерді өсіру жобалары мен технологияларын дайындау кезінде далалық зерттеулердің нәтижелерімен бірге қашықтан зондылау деректерін пайдаланады, барлық ақпаратты географиялық ақпараттық жүйеге жинақтайды. Бұл ауданы үлкен жобалық аумақтарды қысқа мерзімде қамтуға мүмкіндік береді. Жобалау кезінде қашықтан зондылау деректерін пайдалану ландшафттардың және жасыл желектердің жағдайының болмашы ерекшеліктерін де ескеруге мүмкіндік береді.
 

Бөлім мамандары 2013-2015 жылдары «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің ашық жерлерін ормандандыру, Ақтөбе қаласының қорғаушы және ландшафттық-реакрациялық жасыл желек аймағын құру, Атырау облысының Жылыой ауданының елді мекендерін көгеріштендіру, «Теңізшевройл» ЖШС аумағында салынып жатқан вахталық кенттің аумағын көгеріштендіру, «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің ормандарын өртке қарсы жайластыру бойынша жұмыс жобаларын дайындады.

+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56