2011 жылдың 18-қазанында Ванденберг әуе базасынан (АҚШ) DigitalGlobe компаниясының QuickBird жер серігі ұшырылды.
Ол Жердің кез-келген аумағының үстінен әрбір 1-5 күн сайын ұшып өтуге мүмкіндік беретін, биіктігі 450 км күн-синхрондық орбитасына шығарылды. QuickBird жер серігінің негізгі артықшылықтары қамту жолағының кеңдігі (16,5 х 16,5 км), метрлік дәлдігінің жоғарылығы және формасы күрделі полигондарға тапсырыс беру мүмкіндігі. Ол жұмысын 2015 жылдың 27-қаңтарында тоқтатты. Қазіргі кезде оның бүкіл әлем бойынша түсірген панхроматиялық суреттер және көп спектрлік суреттер мұрағатын пайдалануға болады.
Техникалық сипаттамалары
Тәртіптемелер: | Панхроматиялық | Көп спектрлік |
Спектрлік диапазон, мкм | 0,45-1,053 | көк: 0,43-0,54 жасыл: 0,46-0,62 қызыл: 0,59-0,71 жақын ИҚ: 0,71-0,92 |
Кеңістіктік анықтығы (надирде), м | 0,61 | 2,44 |
Надирден ең көп ауытқуы, градус | 45° | |
Метрлік дәлдік, м | CE90 = 23 | |
Радиометрлік анықтығы, бит/пиксель | 11 | |
Қайта түсіру аралығы, тәулік (солтүстік ендіктің 40°) |
GSD 1 м немесе аз кезде 2,5 Надирден 20° немесе аз ауытқу кезінде 5,6 |
|
Стереожұп алу мүмкіндігі | Бір айналымда |