«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

Рельеф модельдерінің жақсартылған сериясы

Рельефтің анықтығы жоғары модельдері қалалық жобалаудан бастап су тасқындарын модельдеуге дейінгі сан-алуан салаларда қолданылады.

Біздің әріптесіміз DigitalGlobe компаниясының Advanced Elevation Series (AES) өнімдері геологиялық барлау және инженерлік жұмыстар, жерге орналастыру және модельдеу жұмыстары үшін жердің және жер бетінің сандық модельдерін жасауға мүмкіндік береді. AES өнімдері пайдаланушыға мамандандырылған модельдерді тікелей өз компьютерінен пайдалану мүмкіндігін береді және дәлдікті, анықтықты, тұрпатты, форматты қоса, конфигурацияның көптеген параметрлерін қолдайды.

Ерекшеліктері, артықшылықтары және нұсқалары

Бейіндік мәселелерге жұмылу мүмкіндігі. Advanced Elevation Series өнімдерімен жұмыс істеу үшін мамандандырылған жабдықтар, бағдарламалық жасақтама, биіктік модельдерін жасау және өңдеу тәжірибесі қажет емес. Бұл пайдаланушыларға өздерінің бейіндік мәселелерін шешуге жұмылуға мүмкіндік береді.

Жаһандық қол жетімділік. Біздің клиенттеріміз жердің рельефі туралы жаһандық деректерді басқа елдерден рұқсат алмай-ақ және ол елдерге бармай-ақ пайдалана алады. DigitalGlobe жаһандық қамтуы сол жерде ұшақпен ұшу немесе онда мамандар жіберу шығындары аса көп, уақытты көп қажет ететін немесе қауіпті аумақтардың карталарын тиімді түрде жасауға мүмкіндік береді.

Кешенді шешім. DigitalGlobe Advanced Ortho сурттерін Advanced Elevation Series өнімдерімен біріктіріп деректер сапасының тұрақтылығы мен дәлдігін қамтамасыз етуге болады.

Қосымша өңдеу. DigitalGlobe компаниясы Advanced Elevation Series деректерін қосымша өңдеудің бірнеше нұсқасын ұсынады. Деректерді қосымша өңдеу су айдындарын сәйкестендіруді, жолдарды деңгейлестіруді, контурларды сызу және рельефті шаюды қоса, сан-алуан жобалар үшін өзекті.

Өнімнің деңгейлері

Биіктіктердің картографиялық моделі Биіктіктердің дәл моделі Биіктіктердің аса дәл моделі
DSM және DTM бақыланбайтын деректері DSM және DTM бақыланатын деректері DSM және DTM аса дәл деректері

Сипаттамалары

Өнімнің дәлдігі Картографиялық Дәл Аса дәл
Кеңістіктік анықтық 8 м 4 м 2 м
Салыстырмалы вертикалдық дәлдік* (LE90) 5 м 2 м 1 м
Абсолюттік вертикалдық дәлдік * (LE90) 8 м 4 м 2 м
Салыстырмалы горизонталдық дәлдік (CE90) 8 м 4 м 2 м
Абсолюттік горизонталдық дәлдік (CE90) 10 м 5 м 3 м

* Вертикалдық дәлдік еңістігі 30% аз болатын, рельефі төмен және орташа аумақтар үшін көрсетілген. Еңістігі 30% артық болатын күрделі жерлер үшін көрсетілген мәндерді 1,5 көбейту керек.

Жер бетінің кеңістіктік анықтығы 2 м болатын сандық моделі


 

+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56