«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz
Басты бетҚызметтер Инженерлік-геодезиялық және жерге орналастыру зерттеулері

Инженерлік-геодезиялық және жерге орналастыру зерттеулері

Компания қызметі бағыттарының бірі инженерлік-геодезиялық зерттеулер жүргізу. Инженерлік-геодезиялық зерттеулер – түрлі жобалардың аясында жердің рельефі, аумақтың инфрақұрылымы мен жоспарлау элементтері туралы дәл және өзекті деректер алу мақсатымен жүргізілетін жұмыстар. Осы жұмыстар нысандарды тиімді пайдалануды және жоюды негіздеу, жаңа нысандарды жобалау және бар нысандарды қайта құру, техникалық қайта жабдықтау, аумақтарды басқаруды қамтамасыз ету, санитарлық қорғау аймақтарын орналастыру, жерлерді қалпына келтіру, қорғау құрылыстарын салу үшін қолданылады.

«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС-де осы бағыт белсенді дамуда. Заманауи геодезиялық жабдықтар, алдыңғы қатарлы технологиялар, кәсіби мамандар жұмыстарды қысқа мерзімде және сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Компания кәсіби инженерлік-геодезиялық және жерге орналастыру қызметтерінің келесі түрлерін ұсынады:

  • топографиялық-геодезиялық зерттеулер – масштабтары мен мақсаттары әртүрі топографиялық жоспарлар жасау, геодезиялық желілер құру;
  • құрылыс кезіндегі геодезиялық зерттеулер – жобаны нақты жерге орналастыру, құрылыс-монтаждау жұмыстарын қамтамасыз ету, орындаушылық құжаттаманы дайындау;
  • жерге орналастыру жұмыстары (жер кадастрына арналған геодезиялық жұмыстар) – межелік белгілердің координаталарын анықтау немесе белгілі нүктелерді координаталары бойынша шығару, кадастрлық суретке түсіру, жер телімдерін таңдау актілерін дайындау, межелік жоспарларды қалыптастыру, межелік тірек желілерін құру;
  • сызықтық құрылыстарды белгілеу;
  • геологиялық қазбаларды, гидрологиялық қақпаларды, геофизикалық барлау нүктелерін геодезиялық байланыстыру.

Топографиялық-геодезиялық жұмыстар топографиялық карталар мен жоспарлар жасау үшін және инженерлік-геодезиялық зерттеулердің құрамдас бөлігі ретінде жүргізіледі. Жұмыстар жүргізілетін жер телімінің топографиялық суретке түсірудің негізінде ірі масштабты (1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000) топографиялық карталар мен жоспарлар жасалады. Ұсақ масштабтар (1:10000, 1:25000) үшін де топографиялық суретке түсіру жүргізіледі. Топографиялық суретке түсірудің негізіндегі мамандандырылған жоспарлар зерттеудің міндеттеріне тікелей сәйкес келетін барлық ақпарат пен нысандарды көрсетеді. Стандартты топографиялық суретке түсіру жердің жағдаяттық элементтерін, геодезиялық желілердің пункттерін, бар коммуникациялар мен құрылыстарды, жер рельефінің ерекшеліктерін көрсетеді.


Құрылыс кезіндегі инженерлік-геодезиялық зерттеулер ғимараттар мен құрылыстардың дұрыс және дәл орналасуын, олардың конструкциялық және жоспарлық элементтерінің жобаның геометриялық параметрлеріне және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес тұрғызылуын қамтамасыз ететін өлшеулер, есептеулер, сызбада және нақты орында тұрғызу болып табылады. Геодезиялық жұмыстар құрылысты жобалаудың және салудың құрамдас бөлігі, олардың мазмұны мен технологиялық реті негізгі өндірістің кезеңдері мен технологиясына байланысты болады.

Жерге орналастыру жұмыстары – жаңа жер телімін қалыптастыру немесе бар жер телімін қайта ұйымдастыру жұмыстарының кешені, оның шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) және кадастрлық істі құрастыру бойынша топографиялық-геодезиялық жұмыстар. Осы жұмыстардың түпкі мақсаты – құрамына жер телімінің сұлбасы (жоспары), оның ауданы, шекаралары, орналасқан жері, іргелес жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары, жер телімінің ауыртпалықтары мен сервитуттары туралы мәліметтер кіретін техникалық, экономикалық, заңдық құжаттар кешені болып табылатын жерге орналастыру жобасы.

Жерге орналастыру жұмыстары келесі жағдайларда орындалады:

  1. жерге орналастырылатын жаңа нысандарды құру немесе бар нысандарды ретке келтіру (жерге орналастыру нысанының жобалық шекараларын белгілеу) кезінде;
  2. жерге орналастырылатын нысанның орналасқан жері туралы шынайы мәліметтер болмаған жағдайда, оның шекараларын келісілу арқылы орналасқан жерін нақтылау кезінде (жерге орналастырылатын нысанның шекараларын ретке келтіру);
  3. мемлекеттік жер кадастрында жерге орналастырылатын нысанның шекараларын анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер болған жағдайда, оның шекараларын қалпына келтіру кезінде (жерге орналастырылатын нысанның шекараларын қалпына келтіру).

«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС орындайтын жерге орналастыру жұмыстары:

  1. жерді пайдалану нысанын құру және бар нысандарын ретке келтіру бойынша шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, жер телімдерінің шекараларын белгілеу;
  2. аумақтардың жер-шаруашылықтық құрылысы, бүлінген жерлерді қалпына келтіру және жаңа жерлерді игеру жобаларын, жерді пайдаланумен және қорғаумен байланысты басқа да жобаларды дайындау, келісілу, бекіту және беру;
  3. ландшафттық-экологиялық тәсілдеменің негізінде жерге орналастыру, жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жобаларын дайындау;
  4. топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақтық және басқа зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  5. жер ресурстары жағдайының және оларды пайдаланудың тақырыптық карталары мен атластарын жасау.
     

Жерге орналастыруды жобалау жерге орналастыру үдерісінің негізгі және ажырамас бөлігі, жерге орналастыру мәселелерін шешудің басты құралы. Компания мамандары графикалық және мәтіндік бөлімдерін қоса, жерге орналастыруды жобалаудың барлық жұмыстарын орындайды. Графикалық бөлімге жобалық жоспар (аумақтың шекарасын белгілеумен байланысты барлық шешімдер көрсетіліп), жобаны жерге түсірудің жұмыс жоспарлары, карталар (геоботаникалық, жерді бағалау, агроэкологиялық), сұлбалар, кестелер және диаграммалар кіреді. Мәтіндік бөлімге жобалауға тапсырма, есептеу-түсіндіру жазбасы, техникалық-экономикалық негіздеме материалдары, алқаптар аудандарының ведомосттары, сметалық-қаржылық есептеулер, сараптама материалдары, жобаны қарау және бекіту құжаттары, қолданбалы бағдарламалардың пакеттері, ақпарат тасығыштар кіреді. Жобаның екі бөлімі жобалық-сметалық құжаттаманы құрайды. Компания мамандары жерге орналастыру жобасын орындау жұмыстарын да жүргізеді. Оған жобаны жерге түсіру, жобаның барлық элементтерін игеру, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын ресімдеу және беру кіреді. Компания барлық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды GPS Sokkia GRX1 екі жиілікті қабылдағышты (суретке түсірудің PPK және Static түрлеріне арналған), SET сериясының Sokkia тахеометрі сияқты заманауи геодезиялық жабдықтарды пайдаланып жүргізеді. Камералық өңдеу ең жаңа компьютерлердің және бағдарламалық жасақтаманың көмегімен жүргізіледі. Компанияның жол талғамайтын автокөлігі және далалық топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізуге қажетті басқа да жабдықтары бар.

 

 


Вертикалдық және горизонталдық профильдерді жасау (суретке жазба)

+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56