«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz
Басты бетКомпания туралы

Компания туралы

«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС 1999 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары: қоршаған ортаны қорғау, табиғатты қорғауды және экологиялық жобалау, табиғатты пайдалану және жер қойнауын пайдалану, орман шаруашылығы және көгеріштендіру, жерді қашықтан зондылаудың (ЖҚЗ) және географиялық ақпараттық жүйелердің (ГАЖ) жаңа технологияларын дайындау және енгізу салаларында қызметтер көрсету, биологиялық, географиялық, геологиялық және экологиялық ғылыми зерттеулер жүргізу.

 

Компанияда түрлі салалардың біліктілігі жоғары мамандары: географтар, биологтар, экологтар, геологтар, топырақтанушылар, климатологтар, геодезисттер, топографтар, жерге орналастыру, орман шаруашылығы және көгеріштендіру мамандары, бағдарламашылар, фотограмметристтер, ГАЖ мамандары жұмыс істейді. Олардың қызметі түрлі дәрежедегі табиғи жүйелердің құрылымы мен жұмыс істеуін танумен, қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің жай-күйін экологиялық бағалаумен және оларға мониторинг жүргізумен байланысты.
Компания көрсететін қызметтердің алуан түрлі болуына байланысты, нақты жобаларды іске асыру үшін мердігер ұйымдарды, түрлі ғылыми-зерттеу институттарынан, өндірістік ұйымдардан, бейінді компаниялардан, оның ішінде шет елдік компаниялардан келісім-шарттың негізінде мамандар мен сарапшылар тартылып, жұмыс топтары мен командалар құрылады. Бұл жұмыстардың деңгейі мен сапасын едәуір жоғарылатады, мамандардың үздіксіз білім алуларына және біліктіліктерін жоғарылатуларына жағдай жасайды.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС көрсететін қызметтерінің барлық түрлеріне қажетті мемлекеттік лицензиялары бар. Компанияда сапаны басқару жүйесі ISO 9001:2008 «Сапаны басқару жүйелері. Талаптар» халықаралық стандартының талаптарына сәйкес құрылған.
Компания ғылыми зерттеулер жүргізеді және оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі тіркеген. Ұжым құрамында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының 1 корреспондент мүшесі, 5 ғылым докторы, профессор және 7 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Компания 2006 жылдан бері шығарылатын «Терра» ғылыми пәнаралық журналының құрылтайшысы.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС-нің өз ғимараты, қажетті қондырғылары мен жабдықтары, жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге арналған мамандандырылған техникалық және бағдарламалық құралдары, автокөліктері және т.б. бар. Олар жоғары технологиялық заманауи өнімдер (мақсаты мен мазмұны әртүрлі картографиялық модельдер, географиялық деректер қорлары, геопорталдар, басқарудың электрондық жүйелері) жасауды қоса, далалық зерттеулерді және деректерді өңдеуді заманауи деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.
2014 жылдан «Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС базасында Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесінде ҚР ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақтық және калибрлік зертханаларға қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкес тіркелген экологиялық-талдамалық зертхана жұмыс істейді.
Компанияның қызмет саласы түрлі салалық бағыттарға қашықтан зондылаудың заманауи технологияларын, географиялық ақпараттық жүйелерді және автоматтандырылған бағдарламалық-технологиялық кешендерді кеңінен қолдану және енгізу.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС клиенттерді әлемдегі барлық дерлік ғарыштық аппараттардан (жер серіктерінен) алынатын, ғарыштан түсірілген кеңістіктік анықтығы әртүрлі деректермен жедел қамтамасыз етеді.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС-нің Жерді қашықтан зондылау деректерін ұсыну саласындағы әріптестері ғарыштық жүйелерді дайындайтын және басқаратын жетекші Қазақстандық және шет елдік компаниялар, оның ішінде DigitalGlobe (США), Elecnor Deimos Imaging (Испания), Чибо қ. Университетінің Қашықтан зондылау және экология орталығы (Жапония), Жапония ғарыштық жүйелер корпорациясы (JMSSC), «Иннотер» Геоақпараттық агенттігі (Ресей), Ellis GeoSpatial (CША), «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және басқалар.
Соңғы жалдары Жерді қашықтан зондылау деректерін геологияда пайдалы қазбаларды іздеу және барлау үшін пайдаланудың жаңа бағыты белсенді дамуда. Компания қашықтан зондылаудың заманауи технологияларын пайдаланып түрлі пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеу, іздеу және барлау саласында қызметтер көрсетуге мамандануда.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС Қазақстанның және шет елдердің көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылыми мекемелерімен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады. Олардың қатарында жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу институттары мен кафедралары (Ресей, Өзбекстан, Швейцария, Моңғолия, Қытай, Жапония), мемлекеттік емес мекемелер (Франция, Италия, Израиль, Ұлыбритания, АҚШ) бар. Компания халықаралық ұйымдардың ішінен Әлемдік табиғат қорғау қорымен (WWF), БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігімен, Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығымен барынша тығыз ынтымақтасады.
Компании 1999 жылдан бері қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер кеңінен пайдаланылған 300 аса жоба орындады:

  • халықаралық ғылыми гранттар бойынша жобалар (UNECO, USAID, ISTC, GTZ, WWF, GEF/ПРООН, NATO);
  • түрлі ғарыштық аппараттардан қашықтан зондылау деректерін жеткізу және өңдеу бойынша жобалар;
  • табиғатты қорғау жобалары (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, ормандарды қалпына келтіру, құмдарды бекіту, аңшылық шаруашылықты жайластыру бойынша);
  • экология, биология, геология, картография, геодезия салаларындағы ғылыми-қолданбалы жобалар;
  • мұнай-газ және тау-кен салалары үшін экологиялық жобалар (қоршаған ортаға әсерді бағалау, мониторинг, фондық зерттеулер, бүлінген жерлерді қалпына келтіру);
  • географиялық ақпараттық жүйелерді, электрондық деректер қорын, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, геопорталдар жасау бойынша арнайы жобалар.
     

Компания жұмысының негізгі қағидалары сенімділік, сапа және кәсібилік, ынтымақтастыққа және өзара әрекеттесуге ашықтық, ұзақ мерзімді әріптестік және іскерлік қатынастар орнату.

+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56