Қашықтан зондылау – ақпарат алу және зерттелетін нысандарды тақырыптық картаға түсіру мақсатымен Жердің бетін әуеден және ғарыштан түсірілген суреттердің көмегімен едәуір қашықтан зерттеу. Жерді қашықтан зондылау жүйелері шағылысқан күн сәулесін тіркейтін енжар жүйелерге (оптикалық-электрондық) және шағылысқан жасанды сәулені тіркейтін белсенді жүйелерге (радиолокациялық, лазерлік) бөлінеді.
Компания жерді қашықтан зондылайтын жер серіктерінің жетекші операторларының ресми әріптесі болғандықтан, жерді қашықтан зондылаудың мұрағаттық деректеріне де, жаңа оптикалық және радарлық суреттерге де тапсырыстар бере алады. Ғарыштан суреттер түсіруді жоспарлау кезінде суретке түсіру үшін барынша қолайлы ауа райы ескеріледі, суретке түсірілетін жағдайларға (уақыты, бұлттылық, ауытқу бұрыштары және т.б.) және суретке түсірілетін жер телімінің геометриясына түрлі талаптар қойылады. Суреттердің сапасын қамтамасыз ету мақсатымен оларды түсіру мерзімі тапсырыс берушімен де, оператормен де келісіледі.