Ikonos жер серігі 1999 жылдың 24-қыркүйегінде Ванденберг әуе базасынан (АҚШ) Athena 2 зымыранымен ұшырылды.
Ikonos анықтығы 0,82 метр панхроматиялық суреттер және анықтығы 3,2 метр көп спектрлік суреттер түсіруді қамтамасыз еткен ең алғашқы коммерциялық жер серігі. Оның орбитасының биіктігі 681 км, қайта түсіру арылығы 3 тәулік. Аппарат суреттерді жер бетінде орналасқан оннан аса стансаларға тікелей беріп отырады. Ikonos жер серігінің маневрлігінің жоғарылығы тәулігіне ауданы 240 000 км² аумақты суретке түсіруге, бір айналымда стереожұптар алуға мүмкіндік берді. Ол жұмысын 2015 жылдың наурыз айында тоқтатты. Қазіргі кезде оның бүкіл әлем бойынша түсірген панхроматиялық суреттер және көп спектрлік суреттер мұрағатын пайдалануға болады.
Техникалық сипаттамалары
Тәртіптемелер | Панхроматиялық | Көп спектрлік |
Спектрлік диапазон, мкм | 0,45–0,90 | көк: 0,45–0,52 жасыл: 0,52–0,61 қызыл: 0,64–0,72 жақын ИҚ: 0,77–0,88 |
Кеңістіктік анықтығы, м | 0,82 | 3,2 |
Радиометрлік анықтығы, бит/пиксель | 11 | |
Түсірім жолағының ені, км | 11,3 | |
Қайта түсіру аралығы, тәулік (солтүстік ендіктің 40°) |
3 | |
Стереожұп алу мүмкіндігі | Бір айналымда | |
Деректерге тапсырыс беру нұсқалары | Мұрағат (тапсырыстың ең аз ауданы 25 км2) |