«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

Ғарыштан түсірілген суреттерді фотограмметриялық өңдеу деректердің өңдеу және талдау циклінің басы. «Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС фотограмметриялық өңдеу жұмыстарының толық кешенін жүзеге асырады.

Фотограмметриялық өңдеу суреттер арқылы нысандардың кеңістікте орналасуын анықтауға, олардың геометриялық сипаттамаларын алуға, топографиялық карталар жасауға мүмкіндік береді.

Ғарыштан түсірілген суреттердің геометриясы күрделі, олар аса дәл өңдеу үшін арнайы алгоритмдерді қолдануды қажет етеді. Ғарыштан түсірілген суреттерді өңдеудің түрлі әдістері бар. Координаталарды анықтаудың дәлдігі сол әдістерді таңдауға байланысты.

Суреттерді орто түрлендіру фотограмметриялық өңдеудің маңызды элементі, ол жердің рельефіне, объективтің дисторсиясына байланысты қателерді, түсіру камерасының оптикалық осінің надирден ауытқуынан болатын қателерді жою мақсатында жүргізілетін дәл геометриялық түзету.

Суреттерді орто түрлендіру операциясын орындау үшін зерттелетін жер рельефінің сандық моделі, суреттің сыртқы және ішкі бағдарлану элементтері болуы қажет. Компания сыртқы бағдарлану элементтерін (масштабты және координаталардың геодезиялық жүйесіне қатысты орналасуды) анықтау үшін жоспарлық орналасуы мен биіктігі геодезиялық өлшеулер бойынша анықталатын тірек нүктелерін пайдаланады.

Орто түрлендірілген суреттер ортофото суреттер, ортофото жоспарлар, ортофото карталар алу үшін пайдаланылады

QuickBird ғарыштық аппаратының орто түрлендірілген деректерін пайлаланып масштабы 1:5000 топографиялық жоспарды жаңартудың үлгісі (суретке жазба)

+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56