«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС экология саласындағы компания ретінде өзінің Қазақстан табиғатының бірегей орындарын, ландшафттарының, экологиялық жүйелерінің, флорасы мен фаунасының алуан түрлілігін сақтау үшін жауапкершілігін түсінеді.
Осыған байланысты компанияның ғылым және табиғатты қорғауды жобалау бөлімі түрлі мәртебелі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) жүйесін дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға зор көңіл бөледі.
Олар қазір бар мемлекеттік табиғи қорықтарды, ұлттық және өңірлік табиғи парктерді, қорық аймақтарын және дендрологиялық парктерді кеңейту және жаңаларын құру жобалары.
Жобалар мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде және халықаралық қорлар мен ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылады. Компания осы бағыттағы көптеген жұмыстарды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті және оған бағынысты ұйымдар (қорықтар, ұлттық парктер, «Охотзоопром») ұйымдастырған бойынша тендерлер арқылы орындады. Осындай жобалар Қазақстан Республикасы Президентінің Істер басқармасы («Бурабай» ұлттық паркі бойынша), облыстық және қалалық әкімдіктердің тиісті бөлімшелері, ПРООН-Қазақстан, Бүкіл әлемдік табиғат қорғау қоры (WWF), Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтау бойынша қауымдастық, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі сияқты ұйымдар үшін дайындалды.
Осы құжаттардың барлығы Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген ережелерге сәйкес дайындалады. Табиғатты қорғауды жобалау ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы және жақын аумақтардағы көптеген далалық зерттеулер арқылы жүргізіледі. Оларға тақырыптық карталар жасау үшін жан-жақты ландшафттық, топырақтық, геоботаникалық зерттеулер, флора мен фаунаның, әсіресе олардың сирек және жойылып бара жатқан түрлерінің популяцияларын, таралуларын, бірегей орман, су, батпақ және басқа экологиялық жүйелердің жағдайын зерттеулер кіреді. Бұл аумақты қызметтік аймақтарға бөлу, атап айтқанда қорықтық тәртіптемеде қорғалатын аймақтарды белгілеу үшін аса маңызды. Тек «Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС жобаларының арқасында 2000 жылдан бері Қазақстанның ЕҚТА ауданы 2,3 млн. гектарға ұлғайды, жалпы ауданы 7,1 млн. гектар болатын жаңа ЕҚТА құру үшін толық құжаттар дайындалды. Бұл Компанияның тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің табиғаты мен биологиялық алуан түрлілігін қорғауға және сақтауға қосқан үлесі.
Компанияның ғылым және табиғатты қорғауды жобалау бөлімінде ғылыми дәрежелері бар мамандар жұмыс істейтін болғандықтан, барлық зерттеулер жоғары деңгейде және басқа бөлімдермен ынтымақтастықта орындалады. Бұл жобаларды, атап айтқанда ГАЖ және қашықтан зондылау технологияларын іске асыру кезінде жаңа тәсілдемелер дайындауға және енгізуге, жұмыстарды орындау мерзімдерін едәуір қысқартуға және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Зерттеулерді олардың нәтижелерін қолданысқа енгізуге міндеттемейтін ғылыми бағдарламалар мен гранттар бойынша орындайтын ғылыми-зерттеу институттарымен салыстырғанда, біздің Компанияның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері қосымша рәсімдерсіз, бірден қолданысқа енгізіледі. Себебі, ол нәтижелер өндірістік және басқа да жобаларды іске асыру кезінде нақты мәселелерді шешу барысында алынған. Бөлім мамандары ұлттық парктердің, қорықтардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға табиғатты қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістемелері және заманауи технологияларды пайдалану мәселелері бойынша кеңестер беріп отырады. |