GeoEye-1жер серігі 2008 жылдың 6-қыркүйегінде Ванденберг әуе базасынан (АҚШ) ұшырылды.
Ол бұрын GeoEye компаниясының меншігі болды. GeoEyeжәнеDigitalGlobe компаниялары біріккен соң жер серігінің операторы және иесі компания DigitalGlobe компаниясы болды. GeoEye-1 жер серігінде қашықтан зондылаудың коммерциялық жүйелері жабдықталатын ең жетілдірілген технологиялар қолданылады. Аппарат анықтығы 0,41 метрпанхроматиялық суреттержәнеанықтығы 1,65 метр көп спектрлік суреттер түсіре, тәулігіне ауданы350000 км²дейінгі аумақтасинтезделген көп спектрлік суреттер түсіре алады. Осындай жоғары өнімділік ірі масштабты картографиялық жобалар үшін өте қолайлы. GeoEye-1 жер серігінің қайта түсіру аралығы жер шарының кез-келген жері үшін 3 тәуліктен көп емес.
Техникалық сипаттамалары
Тәртіптемелер | Панхроматиялық | Көп спектрлік |
Спектрлік диапазон, мкм | 0,45–0,90 | көк: 0,45–0,52 жасыл: 0,52–0,60 қызыл: 0,625–0,795 жақын ИҚ: 0,76–0,90 |
Кеңістіктік анықтығы, м | 0,41 | 1,65 |
Радиометрлік анықтығы, бит/пиксель | 11 бит на пиксел | |
Түсірім жолағының ені, км | 15,2 км | |
Қайта түсіру аралығы, тәулік (солтүстік ендіктің 40°) |
3 | |
Стереожұп алу мүмкіндігі | Бір айналымда |