- жер серіктерінен оптикалық және радиолокациялық жүйелер арқылы алынатын анықтығы жоғары, орташа және төмен деректерге тапсырыс беру және оларды жеткізу;
- түгендеу (топырақ, экожүйелер және т.б.), бағалау (жерлердің азып-тозуын, топырақтардың тұздануын және т.б.), болжам жасау, ұсыныс беру мақсатындағы карталар жасау үшін жер серіктерінен алынған суреттерді тақырыптық өңдеу;
- жер серіктік мониторингтің ақпараттық-талдамалық жүйелерін құру;
- экономиканың түрлі салалары үшін географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ), геологиялық қызметтерді және жедел мониторинг жүргізу қызметтерін дайындау және енгізу;
- табиғатты қорғау, экология, табиғатты пайдалану және жер қойнауын пайдалану салаларындағы ғылыми-практикалық мәселелерді шешу мақсатымен ғылыми географиялық және экологиялық-биологиялық зерттеулер жүргізу;
- аумақтардың жер-шаруашылықтық құрылысының, бүлінген жерлерді қалпына келтіру және жаңа жерлерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдаланумен және қорғаумен байланысты басқа да жобаларды дайындау, келісілу, бекіту және беру;
- топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақтық және басқа да тексеру және зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- бүлінген жерлердің жағдайын бағалау, оларды техникалық және биологиялық қалпына келтіру жобаларын дайындау және орындау;
- құрлықта және теңіз айдынында инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізу;
- көмірсутек шикізаты геологиясы, қатты пайдалы қазбалар геологиясы салаларында жобалар дайындау;
- мұнай-газ кен орындарын және қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау;
- мұнай-газ кен орындарын игерудің жобалары мен технологиялық регламенттерін жасау;
- жер қойнауын (мұнай, газ, мұнай конденсаты) пайдалану саласындағы жобалық және жобалық-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу;
- қашықтан зондылаудың заманауи технологияларын пайдаланып пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және барлау;
- табиғи жүйелер және нысандар бойынша деректерді жинау, талдау және жүйелендіру, ақпаратты заманауи технологиялардың (географиялық ақпараттық жүйелер, деректер қорын басқару жүйелері және т.б.) негізінде жинау;
- қоршаған ортаны қорғаумен, табиғатты қашықтан зондылау және ГАЖ технологияларын пайдаланып ұтымды пайдаланумен байланысты жобаларды дайындау;
- фондық экологиялық зерттеулер жүргізу, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау және қоршаған ортаға әсерді бағалау жобаларын орындау, әртүрлі шаруашылық қызметтерге экологиялық аудит жүргізу;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, аңшылық шаруашылықтарды, тарихи-мәдени және туристік мақсаттағы нысандарды құрумен және дамытумен байланысты жобаларды дайындау және орындау;
- жасыл желектердің ауру-сырқаулық жағдайын бағалау, қашықтан зондылау деректерін пайдаланып ормандар мен жасыл желектерге мониторинг жүргізу жұмыстарын орындау;
- экология, табиғатты қорғау, ГАЖ, қашықтан зондылау мәселелері бойынша республикалық және халықаралық кездесулер, семинарлар, конференциялар, симпозиумдар өткізу;
- ғылыми (журналдар, монографиялар және т.б.) және ғылыми-танымал әдебиеттер, тақырыптық карталар, атластар басып шығару;
- тиісті сертификаттар беріп, мамандарды Компания орындайтын жобалардың аясында оқыту және олардың біліктіліктерін жоғарылату курстарын өткізу.
Басты бетҚызметтер