TERRA (бұрын AM-1) ғарыштық аппараты 1999 жылдың 18-желтоқсанында Ванденберг әуе базасынан (АҚШ) ұшырылды.
Жер серігінде жетілдірілген ASTER (Advanced Spaceborne Thermal Emission and Reflection Radiometer) термалдық-оптикалық радиоөлшегіші орнатылған. Жер серігі биіктігі 705 км күн-синхрондық полярлық орбитаға шығарылды. ASTER кешені үш телескоптан тұрады, олардың әрқайсысы кеңістіктік анықтығы әр түрлі спектрлік диапазондарда жұмыс істейді. VNIR диапазонының сенсоры (көзге көрінетін және жақын инфрақызыл диапазон) анықтығы 15 м дейінгі, SWIR диапазонының сенсоры (қысқа толқынды инфрақызыл диапазон) анықтығы 30 м дейінгі, TIR диапазонының сенсоры (жылулық инфрақызыл диапазон) анықтығы 90 м дейінгі деректерді алуға мүмкіндік береді. Барлық сенсорлардың шолу жолағы 60 м.
Техникалық сипаттамалары
Тәртіптемелер | VNIR | SWIR | TIR |
Спектрлік диапазон (мкм) | 1: 0,52-0,60 2: 0,63-0,69 3N: 0,76-0,86 3B: 0,76-0,86 |
4: 1,600-1,700 5: 2,145-2,185 6: 2,185-2,225 7: 2,235-2,285 8: 2,295-2,365 9: 2,360-2,430 |
10: 8,125-8,475 11: 8,475-8,825 12: 8,925-9,275 13: 10,25-10,95 14: 10,95-11,65 |
Кеңістіктік анықтығы, м | 15 | 30 | 90 |
Деректерді жердегі сегментке беру жылдамдығы, Мбит/сек | 62 | 23 | 4,2 |
Түсірім жолағының ені, км | 60 | 60 | 60 |
Радиометрлік анықтығы, бит/пиксель | 8 | 8 | 12 |
Түсірімнің кезеңділігі, тәулік | 16 | ||
Стереожұп алу мүмкіндігі | Бір айналымда |