«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 293-94-27
+7 (727) 291-78-87 (факс)
gis-portal.kz

Deimos-1 (Spain-DMC 1) – Испанияның Жерді қашықтан зондылауға арналған ғарыштық аппараты. Оны Deimos Imaging компаниясы жасаған.

Жер серігі 2009 жылы ұшырылды, салмағы 100 кг, кеңістіктік анықтығы 22 метр. Ғарыштық аппараттың шолу жолағы өте үлкен (650 км). Ол 3 арналы көп спектрлі түсірім жүргізіп, үлкен аумақтарды суретке түсірудің ең жоғары жиілігін қамтамасыз етеді. Deimos-1 ормандарға және ауыл шаруашылығы жерлеріне мониторинг жүргізу үшін арнайы жасалған, табиғи апаттардың мониторингі жүйесінің (DMC) мүшесі, қазіргі кезде бүкіл әлем бойынша анықтығы жоғары дерек көздерінің бірі.

Техникалық сипаттамалары

Тәртіптемелер Көп спектрлік
Спектрлік диапазон, мкм жасыл: 0,52-0,60
қызыл: 0,63-0,69
жақын ИҚ: 0,77-0,90
 
Кеңістіктік анықтығы, м 22
Радиометрлік анықтығы, бит/пиксель 8-10
Түсірім жолағының ені, км 650 км
Қайта түсіру аралығы, тәулік 3 (бүкіл әлем бойынша)
Стереожұп алу мүмкіндігі жоқ

 

+7 (727) 293-94-27
+7 (727) 291-78-87 (факс)