«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz
Басты бетЗертхана

Зертхана

«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС-нің тіркелген экологиялық-талдамалық зертханасы бар.

«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС экологиялық-талдамалық зертханасы Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесінде ҚР ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақтық және калибрлік зертханаларға қойылатын жалпы талаптар» стандартының талаптарына сәйкес тіркелген. Зертхананың Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Минстрлігінің Техникалық реттеу және метрология бойынша комитетінің 2014 ж.28.10-дағы № KZ.И.02.1550 тіркеу аттестаты бар.

Зертхананың негізгі қызметі экологиялық зерттеулерді қамтамасыз ету. Экологиялық-талдамалық зертхана қоршаған ортаның құрамдас бөліктері – атмосфералық ауаның, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың, су астындағы түзілімдердің жай-күйіне талдамалық бақылау жүргізеді.

Зертхананың қоршаған ортаға экологиялық мониторинг жүргізу, сынамалар алу және далалық зерттеулер жүргізуге арналған мобильді тобы бар. Зертхана қызметкерлерінің сынама алу әдістері бойынша Техникалық реттеу және метрология бойынша комитет белгілеген үлгідегі сертификаттары бар.
Зертхананың материалдық-техникалық базасы – заманауи өлшеу аспаптары мен жәрдемші жабдықтар. Жәрдемші жабдықтарға сынама алу құрылғылары (батометр, су түбінен сынама алғыш, Gardena ұңғыма сорғысы, Эдельман сынама алғышы және т.б.), сынамаларды сақтауға және зертханаға жеткізуге арналған қондырғылар жатады.

Талдамалық қондырғыларға негізінен қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің жай-күйін шұғыл талдауға арналаған, тасымалданатын экологиялық-талдамалық құрылғылар (шағын спектрометр, Niton Xl3t 950 GOLD plus металл талдағышы, DR-2800 cпектрофотометрі, U-50 сұйықтық талдағышы, ГАНК-4 газ талдағышы, МЭС-200А метеометрі және т.б.) жатады. Барлық өлшеу аспаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеліміне енгізілген, олардың тексерілгені туралы сертификаттары бар.
 

+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56