«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

SRTM (Shuttle radar topographic mission) – Жер шары аумағы рельефінің жаһандық сандық моделінің деректерін алуға арналған халықаралық миссия.

Сьемка местности проводилась в феврале 2000 г. с борта космического корабля многоразового использования Shuttle с помощью радарной интерферометрической камеры и двух радиолокационных сенсоров SIR-C и X-SAR установленных на борту корабля.

SRTM (Shuttle radar topographic mission) – Жер шары аумағы рельефінің жаһандық сандық моделінің деректерін алуға арналған халықаралық миссия.

Суретке түсіру 2000 жылдың қаңтар айында Shuttle ғарыш кемесінің бортынан радарлық интерферометриялық камера, SIR-C және X-SAR радиолокациялық сенсорларының көмегімен жүргізілді.

Осы жұмыстардың барысында көлемі 12 терабайт радиолокациялық деректер алынып, олар өңделген соң құрлықтың 60° солтүстік ендіктен 54° оңтүстік ендікке дейінгі бөлігін және теңіздің кейбір учаскелерін қамтитын биіктіктер матрицасы алынды.

SRTM деректерінің бірнеше нұсқасы бар. Ұяшығының өлшемі 1 х 1 м бұрыштық секунд (кеңістіктік анықтығы 30 м) болатын SRTM деректері барынша дәл. Бірақ, оларды тек АҚШ аумағы үшін алуға болады. Жер шарының қалған аумағы үшін ұяшығының өлшемі 90 х 90 м және анықтығы 16 м болатын деректер алуға болады.

2014 жылы SRTM рельефтің сандық моделі деректерінің анықтығы бұрынғы 90 метрден 31 метрге дейін жақсартылды.
Осы соңғы нұсқада жаңа интерполяциялық алгоритмдерді, қосымша көздер ретінде рельефтің анықтығы жоғары ішкі және ұлттық сандық модельдерін пайдаланудың арқасында бұрынғы нұсқаларға қарағанда деректердің сапасы едәуір жақсартылған.

Сапаны жақсартудың негізгі мақсаты суреттердегі рельефі күрделі аумақтарға, су айдындарына және радарлық суретке түсіруге қиындық туғызатын жерлерге (мысалы, шөлдерге) тән бос жерлерді толтыру болды.

Барлық деректер ашық және оларды көшіріп алуға болады.
 


Сол жақта: анықтығы 90 м SRTM.
Оң жақта: анықтығы 30 м SRTM (суретке жазба)

 

+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56