AW3D (ALOS World 3D Topographicdata) – NTT DATA және RESTEC компаниялары (Япония) жасаған рельефтің жаһандық сандық моделі. Өнім ALOS PRISM деректерінің және ALOS мұрағаттық оптикалық суреттердің негізінде жасалған.
AW3D үшін 3 миллионға жуық кадр пайдаланылды. Олардан рельефтің анықтығы 5 метр болатын, ақылы жаһандық моделі және ASTER, GDEM негізінде рельефтің анықтығы 30 метр болатын, тегін жаһандық моделі (Global Digital Elevation Model) құрастырылды.
AW3D өнімінің нұсқалары:
Digital Elevation Model (DEM)
- Level 1 DSM (Standard) – рельефтің өңделмеген деректер пайдаланылып жасалған сандық моделі. Суретке түсірудің ақаулары қалып қойған.
- Level 2 DSM (Standard) моделіне пайдаланылатын деректер тексеріледі, бос учаскелер толтырылады, ақаулар жойылады.
- Level 3 DTM – рельефтің ғимараттар және ағаштар алынып тасталған сандық моделі.
Orthorectified Image (орто түрлендірілген суреттер)
Панхроматиялық ортофото – PRISM сенсорының түзетілген суреттері. Ол DSM, DTM модельдерін құру учаскесінің өлшемімен шектелген.
Processed 3D products (3D өңделген өнімдері)
Түрлі түсті ортофото – DSM немесе DTM моделінен алынған суретке анықтығы 2,5 метр болатын, түзетілген мозаика.
- Анықтығы: 5 м (DEM) және 2,5 м (түрлендірілген суреттер).
- Дәлдігі: 5 м (горизонталь және вертикаль бойынша).
- Ауданы: Жер шарының бүкіл беті.
Сол жақта: анықтығы 5 м AW3D.
Оң жақта: анықтығы 90 м SRTM (суретке жазба)