«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС әріптесі және жер серіктерінен алынатын деректердің әлемдік операторы «DigitalGlobe» компаниясымен бірлесіп 2016 жылдың 19-21 сәуірінде Астанада (Қазақстан) өткен «МАЙНЕКС Орталық Азия 2016» 7-ші тау-кен өндірісі форумына қатысты.
2010 жылдан бері Астанада өткізіліп келе жатқан «МАЙНЕКС Орталық Азия 2016» тау-кен өндірісі форумы Орталық Азия өңірінің минералдық-шикізаттық әлеуетін игерудің проблемалары мен болашақтарын кәсіби деңгейде талқылауға зор мүмкіндіктер беретін, ірі және аса беделді халықаралық шара.
Компания формуда геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзінің технологиялық мүмкіндіктері мен қызметтерін көрсетіп, баяндамалар жасады. Форумға қатысу Компанияға геология саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашты, әріптестермен байланыстардың артуына, ынтымақтастықтың нығаюына және олармен тәжірибе алмасуға жағдай жасады.