18 қаңтар 2017
DigitalGlobe компаниясы Токиодағы (Жапония) Yoyogi Ұлттық гимназиясы аумағының 2016 жылдың 26 қарашасында WorldView-4 жер серігінен алынған алғашқы суретін ұсынды. Осы жерде 1964 жылғы Олимпиада ойындарының шаралары өткен болатын.
Жерді қашықтан зондылауға арналған WorldView-4 жер серігі 2016 жылдың 11 қарашасында Ванденберг (АҚШ) әуе базасынан Atlas V зымыранымен күн-синхрондық орбитаға шығарылған болатын. Осы ғарыштық аппаратты DigitalGlobe компаниясы пайдаланады. Жер серігі күн сайын ауданы 680 000 км2 аумақтан анықтығы 30 см/пиксель болатын суреттер түсіре алады. Кеңістіктік анықтық бойынша қазіргі рекорд 25 см/пиксель, оны WorldView-3 ғарыштық аппараты қойған.
Ақпарат көзі:http://worldview4.digitalglobe.com/#/main (DigitalGlobe)