Осы награда ELC (Экология, еңбек қатынастары, әлеуметтік сала / Environment Labour and Community Management system) халықаралық стандарты бойынша ең үздік көрсеткіштер көрсеткен мердігер ұйымдарға беріледі. Марапаттау кезінде келесі өлшемдер ескеріледі:
1. Марапаттаудың мақсаты.
Экология, еңбек қатынастары, әлеуметтік салаларда көшбасшылық көрсеткен, жұмыстардың жоғары стандарттарын сақтайтын, үнемі жетілдіріліп отыратын, компанияның талаптарына сәйкес келетін мердігерлерге құрмет көрсету.
2. Жалау ELC стандартының жеті көрсеткішінің негізінде тапсырылады:
• жұмыстардың көлемі және ELC тәуекелдері;
• оқиғаларсыз жұмыс істеу;
• ELC саласындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету және мердігер, компания анықтаған кемшіліктердің қатынасы (75% артық);
• ұйымдастыру мүмкіндіктерін жасау (хабардар болуды жоғарылату және оқу бағдарламалары);
• оқиғалар туралы және оларды жою шаралары туралы уақтылы есеп беру;
• үздіксіз жетілдіру, жақсаруы ең үздік мердігерлер;
• ELC саласындағы шараларды белгілеу және өткізу.
3. Бағалау барысында мердігер жұмысының көлемі, ELC саласындағы тәуекелдер, мердігер қызметкерлерінің саны және тәжірибесі ескеріледі.
4. Жалау «Теңізшевройл» компаниясының қарауымен, түрлі өлшемдерді бағалаудың және мердігерлер жұмысының көптеген көрсеткіштерін салыстырудың негізінде беріледі.
«Терра» қашықтан зондылау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС Қазақстанда ELC стандарты бойынша жұмыс істейтін алғашқы компаниялардың бірі.