«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

Келісім-шарттық аумақтардың «Интерактивтік карта» географиялық ақпараттық жүйесін дайындау

Тапсырыс беруші: «Қазмырыш» ЖШС

Тапсырманың мақсаты: Бос емес және бос келісім-шарттық аумақтар туралы мәліметтерді он-лайн тәрпітемеде беру, өтінім беруді жеңілдету, Қазақстан Республикасында геологиялық саланың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату.

Қысқаша суреттемесі: Келісім-шарттық аумақтардың «Интерактивтік карта» географиялық ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Минстрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті үшін дайындалды. Осы жүйе Portal for ArcGIS платформасында web-қосымша ретінде жасалды. Осы жобаны іске асыру барысында қатты қазбалы байлықтардың жұмыс істеп жатқан келісім-шарттық аумақтары үшін бірыңғай геологиялық дерек қорының құрылымы дайындалды. Барлық келісім-шарттық аумақтар бірыңғай координаталар жүйесінде көрсетілген, әрбір аумақ бойынша атрибуттық ақпарат толтырылған, бұл қажетті деректерді жедел табуға мүмкіндік береді. Жер қойнауын пайдаланушының бос аумаққа өтінім беруін жеңілдету үшін «Электрондық өтінім» жүйесі дайындалды. Ол полигонның суретін салуға немесе координаталарын қолмен енгізуге, координаталар жазылған кестені CSV форматында сақтап, атрибуттық ақпарат толтыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстардың нәтижелері: Жұмыс істеп жатқан келісім-шарттық аумақтар және ресімделіп жатқан келісім-шарттар көрсетілген бірыңғай геологиялық дерек қоры жасалды. Осы дерек қоры үнемі жаңартылып отырады, бұл аумақтар туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Қосымшада қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге берілген аумақтар көрсетіледі. Әрбір учаске бойынша келісім-шарттың нөмірі, қызметтің түрі, пайдалы қазбаның түрі, жер қойнауын пайдаланушы туралы деректер көрсетілген. Деректерді белгілі бір тұрпаты (пайдалы қазба, сала, жер қойнауын пайдаланушы) бойынша іздеу және электрондық өтінім беру мүмкіндігі бар, деректер топтастырылған. Қосымша ретінде бүкіл ел аумағының масштабы 1:200 000 геологиялық карталар, пайдалы қазбалар карталары және магниттік аномалиялар карталары берілген.


 

+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56