«Терра» қашықтан зондылау және ГАЖ орталығы» ЖШС
+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56
gis-portal.kz

«Бурабай» ұлттық табиғи паркі ЕҚТА дамыту жобасы

Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Президентінің Істер басқармасының «Бурабай» ұлттық табиғи паркі

Тапсырманың мақсаты: Ұлттық парктің табиғатты қорғау, ғылыми, шектеулі шаруашылық, экологиялық, туристік-реакрациялық қызметтерін оңтайландыруды есепке ала отырып, оның аумағының қызметтік аймақтарға бөлінуін өзгерту, экологиялық жүйелердің сақталуын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым нысандарын жоспарлауды ретке келтіру, орманды қалпына келтіру жұмыстарын жобалау және өртеңдерде орман отырғызудың нәтижелеріне мониторинг жүргізу.

Қысқаша суреттемесі: 2007 жылдан қазірге дейін ұлттық паркті басқару жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар жобалар дайындалды (инфрақұрылымды дамыту жоспары, басқару жоспары, электрондық басқару жүйесі). Ұлттық парк ауданының өзгеруіне байланысты аумақты кеңейтудің, ұлттық парктің жерлерін қор жерлеріне ауыстырудың табиғи-ғылыми негіздемесі және техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. Орман жоқ алқаптарды ормандандыру және орманды өрттен қорғау жобалары дайындалды.

 

Жұмыстардың нәтижелері: Компания дайындаған және «Бурабай» ұлттық паркінде қолданыстағы басқару, жүктемелерді бөлу жүйелері, қызметтік аймақтарға бөлу, инфрақұрылымды дамыту жоспары ұлттық парк аумағының барынша бағалы орындарын сақтауға көмектеседі. Жыл сайын өсіп келе жатқан реакрациялық жүктемені ұлттық парктің түрлі экологиялық жүйелеріне біркелкі бөлу осында келушілердің табиғаттың оның сұлулығын болашақ ұрпақтар үшін сақтай отырып одан ләззәт алуларына мүмкіндік береді.


Золотобор орманшылығының үй-жайын орналастыру жоспары

+7 (727) 236-08-74
+7 (727) 236-08-78
+7 (727) 385-47-56