Тапсырыс беруші: «Виттевеен+Бос Каспиан» ЖШС
Тапсырманың мақсаты: Қазақстан Республикасының жобаға қолданылатын заңнамалық және нормативтік актілерін талдау. Құрылыс аумағындағы қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің қазіргі жай-күйін суреттеу үшін экологиялық зерттеулер жүргізу. Осы нысанның құрылысы және оны пайдалану кезінде қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріне жасалатын әсерді бағалау. Қоршаған ортаны қорғау, оған мониторинг және бақылау жүргізу шараларын дайындау.
Жұмыстардың нәтижелері: Жобамен жұмыс істеу барысында Солтүстік Каспий теңіз каналын орналастырудың бірнеше нұсқалары талданды. Қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің қазіргі жай-күйін және жоспарланған қызмет жасайтын әсердің салдарларын жан-жақты талдау қоршаған ортаға барынша аз залал келтіретін нұсқаны таңдауға мүмкіндік берді. Жобалау кезінде теңіз жануарларының еркін қозғалуы және грунт үйінділерінде тіршіліктің қалпына келуі үшін жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінді. Теңіз каналының құрылысы 2014 жылы басталды. Инфрақұрылым нысандарын салу үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен мамандар тартылды.